Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында &...
Несиеден қалай бас тартуға болады?
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қаржылық алаяқтықпен күресу мақсатында 2023 жылдан бастап Қазақстанда несиеден ерікті бас тарту шарасы енгізілген, деп хабарлады madeniportal.kz.
Әрбір азамат несиелерді алу туралы тыйым салу енгізе алады. "Стоп-кредит" қызметі eGov сайты мен мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Мұны қалай жасау керектігін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жариялады.
Қызметті компьютер арқылы немесе мобильді қосымша арқылы пайдалануға болады. Компьютер арқылы қызметті пайдалану үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
- egov.kz сайтында жеке кабинетке кіру;
- "Қызметтер" бөлімінде "Банктік несиелер мен микроқарыздардан ерікті бас тарту" қызметін таңдап, онлайн түрде тапсырыс беру;
- барлық міндетті өрістерді толтырып, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы өтінімді қол қою;
- "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде жеке кабинетте сұрау нәтижесімен танысу.
Мобильді қосымша арқылы қызметті пайдалану үшін:
- eGov мобильді қосымшасын ашу;
- "Қызметтер" бөліміне өтіп, "Салықтар және қаржы" ішкі бөлімін таңдау;
- "Банктік несиелер мен микроқарыздардан ерікті бас тарту" бөлімін таңдау;
- Қажетті деректерді толтырып, сұрауды электронды түрде қол қою.
"Осыдан кейін сіздің кредиттік тарихыңызда несиеден бас тарту туралы белгі пайда болады. Кредиттік ұйымдар, несие бюроларына ақпарат сұратып, бұл шектеуді көріп, кредит беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Егер кредит сіздің рұқсатыңызсыз рәсімделсе, жеке тыйым салуға қарамастан, қарыз автоматты түрде жойылады", - деп хабарлады ҚНРДА.
Бұл қызметті кез келген уақытта оңай өшіруге болады. Сонымен қатар, бұл шектеу ломбардтар мен өз клиенттерінің кредиттік тарихын бағаламайтын басқа ұйымдарға әсер етпейді.