Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Александр Кержаков қызметінен кетті, деп...
Жартасқа өрмелеуші Амир Маймұратов Әлем кубогінде күміс медаль алды
Фото: instagram.com/kazclimbing
586
Жартасқа өрмелеуші Амир Маймұратов Сеулде өтіп жатқан Әлем кубогінде күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Olympic.kz мәліметінше, спорттық жартасқа өрмелеуден Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі Амир Маймұратов Сеулде өтіп жатқан (Оңтүстік Корея) Әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдеге ие болды.
Бүгін «жылдамдық» бойынша жарыстың финалы өтті. Маймұратов бірінші орын үшін қытайлық спортшы СиньШань Ванмен жарысты. Дегенмен ол қарсыласынан жеңіліп қалды, – делінген ақпаратта.
Үшінші орын Индонезиядан келген Киромал Катибинге бұйырды.