«Елдің бетіне қалай қарайды?»: Меруерт Түсіпбаева өнер иелеріне ескерту жасады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
2090

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева әріптесінің марқұм жайлы айтқан сөзін сынға алды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Өнер иесі қайтыс болған адамдар жайлы айтуға және олардың құпияларын жариялауға ешкімнің құқығы жоқ екенін жеткізді. 

«Өзі жоқтың - көзі жоқ» деп, абыройын төгіп, марқұмның бар сырын, дүйім жұртқа жария ету керек пе?! Құдай- ау, ол танымал адамның өзі кеткенімен , көзі кеткенімен артында бала- шағасы, ел- жұрты, жекжаты, көрермені қалды емес пе?! Ол марқұм қайтып келіп , өсекшіні сілкілемес , жауапқа тартпас , сотқа бермес , бірақ артында қалған ұрпағы , бұдан кейін қалай өмір сүреді?! Елдің бетіне қалай қарайды?! Неге сонша қатыгез болдыңыздар , адамдар», - деп сынады әнші Меруерт Түсіпбаева.

 

Қоғам

Саяси қайраткер және жазушы Олжас Сүлейменов Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы басшысыны...

Шоу-бизнес

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бала сүйе алмай жүрген блогер Елдос Қадырхановқа қалай көмект...