Жамбылда жас ана баласымен тірідей өртеніп кетті

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
542

Жамбыл облысында жол апатынан көліктегі ана мен оның екі жастағы баласы өртеніп кетті, деп хабарлады madeniportal.kz politico.kz-ке сілтеме жасап.

Мекеменің баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қарашада кешкі сағат 20.50-де Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызға ие жолдың 369 шақырымында жол апаты болды.

Таразға бара жатқан «ВАЗ-2114» және BMW автомобильдері жол шетіне тоқтаған, бұл уақытта Mercedes автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, екі автомобильмен соқтығысқан. BMW автокөлігінің жүргізушісі мен оның кәмелет жасқа толмаған ұлы сол жерде қаза тапты, – деп хабарлады Жамбыл облысы полициясының департаменті.

Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Mercedes автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтуде. Жиынға елдің 11 ірі кәсі...

Жаңалықтар

Бокстан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев елге оралды, деп хабарлайды maden...