Түркияға көмек: Президент Юрий Ильиннің есебін тыңдады

Жаңалықтар
1188

Министр Президентке Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қиын жағдайларға қарамастан, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыса отырып, жоғары кәсібилік танытып, өз міндеттерін нәтижелі атқарып жатыр. Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құтқарушылар мен кинологтар тобы хабарсыз кеткен Қазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Хатай қаласына келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушылардың жұмысына оң баға беріп, оларға сәттілік тіледі. 

Сонымен қатар Президент Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.

Жаңалықтар

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ко...

Жаңалықтар

Науқасқа оның 1993 жылы дүниеге келген қайын інісі донор болған, деп хабарлайды madeniportal.kz...