Тоқаев: «Оралман» сөзіне мен де қарсымын

Жаңалықтар
5360

Шетелдегі этникалық қазақтарға елге көшіп келгенде берілетін «оралман» мәртебесін «қандас», «ағайын» деп атау туралы ұсыныс айтылып жүргені белгілі. Мемлекет басшысы да «оралман» сөзіне қарсы екен. 



Бұл жөнінде «Айқын» мен «Егемен Қазақстан» газеттеріне берген сұхбатында айтқан. «Қоғамдық пікірге қозғау салған отандастар мәселесін қолдан саясаттандыруға болмайды. Шетелдегі қандастарымызды («оралман» деген сөзге мен қарсымын) Атамекенге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің парызымыз», – дейді Президент сұхбатында. 


Тұмар МЫРЗА

aikyn.kz


Жаңалықтар

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтуде. Жиынға елдің 11 ірі кәсі...

Жаңалықтар

Бокстан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев елге оралды, деп хабарлайды maden...