Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында соңғы жылдары ел ішінде қа...
«Сүйінші»: Отандасымыз қысқы универсиадада алғашқы алтын медальды иеленді
Сурет ашық дереккөзден алынды
536
Турин қаласында өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлады madeniportal.kz.
Қуанышты жаңалықты Ғылым және жоғары білім министрі бөлісті.
«Универсиада ойындарында фристайлшы Анастасия Городко өз шеберлігін дәлелдеп, Қазақстанға алғашқы алтын медальді әкелді. Қалған спортшыларымыз да тамаша өнер көрсетіп, еліміздің намысын абыроймен қорғады. Жарыста өз өнерлерін көрсететін басқа спортшыларымызға да сәттілік тілейміз! Еліміздің студенттері жеңіс тұғырынан көріне берсін», — деп жазды Саясат Нұрбек әлеуметтік желіде.