СҚО-да жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты

Фото: massaget.kz

Жаңалықтар
649

Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Жантүршігерлік жол апаты 25 қыркүйекте Астана-Петропавл тасжолында болған. Daewoo Nexia мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысып, екі адам оқиға орнында көз жұмды. 

Зардап шеккен тағы үш азамат Аққайың аудандық ауруханасына жеткізілді.

"Жарақат алған үш адамға аудандық ауруханада көмек көрсетілген. Зардап шеккен 17 жастағы жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ауыстырылды. Оқиға кезінде жарақаттанған тағы екі азаматтың біреуі облыс орталығына жеткізілді", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі. 

Қоғам

Саяси қайраткер және жазушы Олжас Сүлейменов Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы басшысыны...

Шоу-бизнес

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бала сүйе алмай жүрген блогер Елдос Қадырхановқа қалай көмект...