Ақмола облысында сот әйелді 4 сағатқа сұранып кеткені үшін жұмыстан шығарып жіберген компаниядан жәб...
“Шерзаттың өлімі”: Талғарда тағы бір тұлға жылы орнымен қоштасты
Фото: ашық дереккөзден
927
Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметінен босатылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Бұл туралы Бас Прокуратура мәлімдеді.
“Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды”, - делінген хабарламада.
Шенді өкілдердің жұмыстан кетуіне қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болған.