Салтанат Нүкенова Бишімбаевтан 8 рет кетіп қалған екен

sud.gov.kz

Жаңалықтар
1359

Сот барысында Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасы Қуандық Бишімбаевты қанша рет тастап кеткенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Прокурор Айтбек Амангелдіден Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевты қанша рет тастап, қайтып келгенін сұрады.

«2023 жылы бұл шамамен 8 рет болды, тіпті одан да көп болмаса», деп жауап берді ол.

Сотта жәбірленушінің ағасы Қуандық Бишімбаев Салтанатты бұған дейін де бірнеше рет ұрғанын айтты. Алғашқы қол  көтергеннен кейін ағасы оны алып кетпек болған, бірақ Салтанат некені сақтап қалғысы келген.

Бүгін сот отырысында Айтбек Амангелді бет-жүзі көгерген Салтанат Нүкенованың фотосуреттерін көрсетті. Сондай-ақ ол Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаевтың арасындағы болған кикілжіңдерді айтып берді.

Жаңалықтар

Әскерде сержант сарбаздарды темекінің тұқылын жеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды madeniportal.kz. Ме...

Жаңалықтар

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтуде. Жиынға елдің 11 ірі кәсі...