“Ресей қорқады”: Зеленский Украинадағы соғыстың қашан бітетінін айтты

Фото: freepik

Жаңалықтар
706

Украинадағы басшысы соғыс 2025 жылы аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Володимир Зеленский польшалық журналистрге берген жауабында, Ресей бастаған соғыс 2025 жылы аяқталуы мүмкін деп болжады.

"Трамп соғысты аяқтағысы келеді. Ол Ресейге қысым жасай алатын көшбасшы. Ресейдің Америка мен Қытайдан қорқатынына сенімдімін. Біріккен Еуропадан қорқады. Трамп мәжбүрлей алады. Біз Трамппен Украина үшін қауіпсіздіктің нақты кепілдіктері бар екенін келісуіміз керек және ол Путинді осы соғысты аяқтау үшін дипломатияға мәжбүр етуі керек”, - деді Зеленский.

Дональд Трамптың инаугурациясы 2025 жылдың 20 қаңтарында өтеді. Сайлау науқаны кезінде ол Ресей мен Украина арасындағы соғысты тез тоқтата алатынын мәлімдеді.

Еске салайық, Ресей Украинаға қарсы өз әскери қимылдарын 2022 жылы 23 ақпаннан 24 ақпанға қараған түні бастады. Екі ел арасындағы соғыс қазірдің өзінде де жалғасып жатыр.

Қоғам

Саяси қайраткер және жазушы Олжас Сүлейменов Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы басшысыны...

Шоу-бизнес

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бала сүйе алмай жүрген блогер Елдос Қадырхановқа қалай көмект...