Қазақстанда дәрігерлерге кедергі жасап, күш көрсететіндерге қылмыстық іс қозғалады

Ашық дереккөзден алынған

Жаңалықтар
1179

Елімізде дәрігерлерге күш көрсетіп, жұмысына кедергі келтіретіндер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлады madeniportal.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Дәрігерлерге қастандық жасаған азаматтарға үш жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған. Қылмыстық кодекске толықтырылған екі жаңа бап қоғам талқысына шығарылды.

Енді медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіргендер 738 мың теңге айыппұл не 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылуы ықтимал. Тіпті 50 тәулікке қамау жазасы бар. Ал ақ халаттыларға қоқан-лоқы көрсетіп, қол көтеретіндерге 11 миллион теңге айыппұл салынады. Бұдан басқа 800 сағат қоғамдық жұмыс және 3 жыл түрме жазасы көзделген.

Бас прокуратураның мәліметінше, соңғы бес жылда медицина қызметкерлеріне күш көрсетудің 200-ге жуық дерегі тіркелген.

Жаңалықтар

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар Стамбұлда емін жалғастырып жатыр. Құқық қорғаушы Инга И...

Жаңалықтар

Жаңа адамдар қозғалысы адамдарды автобуста жолақы төлеп жүруге шақырып, науқан бастады, деп хабарлай...