Перизат Қайраттың үйінен тағы қымбат мүліктер табылды

Фото: инстаграм 01pk

Жаңалықтар
217

Перизат Қайраттың үйінен тағы да әлемдік брендтегі мүліктер табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Сонымен қатар ақшаға алған мына мүліктеріне арест қойылды:

елорданың премиум санаттағы үш тұрғын үй кешенінен пәтер, сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығынан үй;

Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері.

Тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері тәркіленді.

Тергеу жалғасуда. 

Жаңалықтар

Турин қаласында өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын...

Шоу-бизнес

Танымал тележүргізушілер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек өздері туралы ел білмейтін жайтты ақ...