Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: freepik

Жаңалықтар
659

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды. 11 жастағы қыз комада жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қазанда Омбы-Майқапшағай трассасында Аққулы ауылына жақын жерде МТЗ-82 маркалы трактор мен Lada Granta автокөлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш жолаушы зардап шекті. Көліктер айып тұрағына қойылды. 

“52 жастағы әйел мен 5 жасар ер бала аудандық ауруханаға жеткізілді. Ал 11 жастағы қызды алдымен аудандық, кейін жағдайының күрт нашарлауына байланысты медициналық авиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді”, - деді облыстық жедел жәрдемнің баспасөз қызметінде. 

Жаңалықтар

Соңғы 6 жыл ішінде қазақстандық 18 футбол клубқа мемлекет қазынасынан 200 миллиард қаржы бөлінген, д...

Жаңалықтар

Сарыөзектегі әскери гарнизонда сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қайғылы жағд...