Негізгі себеп: Апатқа ұшыраған ұшақтың қозғалтқыштарынан қауырсындар табылды

Фото: freepik

Жаңалықтар
777

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған Jeju Air ұшағының қозғалтқыштарынан қауырсындар табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

Бұл туралы Кореяның MBN телеарнасы хабарлады. Дерекке сәйкес, қауырсындар ұшақтың екі жағындағы қозғалтқыштан табылған.

Бұған дейін ұшаққа құстар соғылып, қозғалтқыштардан ақау шыққан болуы мүмкін деген нұсқа айтылған еді.

Былтыр 29 желтоқсанда Jeju Air әуекомпаниясының Бангкоктан ұшып шыққан Boeing 737–800 ұшағы Муан әуежайында апатқа ұшырады. Борттағы 179 адам қаза болды, экипаждың екі мүшесі аман қалған. Ұшақтың қара жәшіктері апатқа аз уақыт қалғанда мәліметті жазбайқалған.

Reuters агенттігінің жазуынша, Оңтүстік Кореяның көлік департаменті ұшақтың қозғалтқыштарынан қауырсындар табылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартқан.

Қоғам

Саяси қайраткер және жазушы Олжас Сүлейменов Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы басшысыны...

Шоу-бизнес

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бала сүйе алмай жүрген блогер Елдос Қадырхановқа қалай көмект...