Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, – деп ха...
“Мерт болды”: Ер адам президенттің кеңсесінде өзін өртеп жіберді
Фото: freepik
705
Ер адам Оңтүстік Корея президентінен жауап алынатын кеңседе өзін өртеді, деп хабарлайды madeniportal.Kz Report.ru телеграм арнасына сілтеме жасап.
Еске салайық, бүгін Оңтүстік Корея Республикасының президенті қолға түскен еді. Президен желтоқсанның басында елде әскери жағдай енгізуге әрекеттенді, содан кейін парламент оны көтеріліске әрекеттенді деп айыптап, импичмент жариялады.
Оңтүстік Корея тұрғыны президенттің негізсіз қамалғанын айтып, наразылық танытты. Ол өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу басқармасы кеңсесінің жанында өртеп жіберді.
Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ер адам ауруханаға жеткізілген. Бірақ ер адам алған жарақаттарынан қайтыс болған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.