Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы пара алғаны үшін сотталды

https://www.gov.kz/

Жаңалықтар
640

АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлады madeniportal.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықтың, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар арасында жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Мәселен, Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Д. Әбдікәрімов орта қауіпсіздікті түзеу мекемесінде мерзімін өтей отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Ол жеке компаниялардың басшысы С. Оспановтан шегірткеге қарсы пестицидтерді жеткізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,4 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот С. Оспановқа 3 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады.

Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Абдикаримов Дархан Есентемирович

Жаңалықтар

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ко...

Жаңалықтар

Науқасқа оның 1993 жылы дүниеге келген қайын інісі донор болған, деп хабарлайды madeniportal.kz...