Мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке бюст қойылды

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар
346

Биыл Заманбек Нұрқаділовтың туғанына 80 жыл толып отыр. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қайраткердің туған жері Кеген ауданында ескерткіш ашылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Заманбек Қалабайұлы – Алматы қаласының тұңғыш әкімі. Одан бөлек Мәжіліс депутаты, Алматы облысының әкімі, Төтенше жағдайлар агенттігінің төрағасы сынды бірнеше мемлекеттік лауазымды қызметті абыроймен атқарған.

Ескерткіш-бюст биіктігі – 4,5 метр. Авторлары – Айдос Бүркітбаев пен Тимур Нұрмұхаметов.

Жаңалықтар

Алматы облысы, Қаскелең қаласының Қарасай аудандық сотында бүгін Қаңтар оқиғасына қатысты, Қошмамбет...

Жаңалықтар

Синоптиктер осы жылы су тасқыны болу ықтималдығын болжады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қазгидро...