Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал ауылының түлектері сыйға тартқан «Домб...
Маңғыстау тұрғыны әкімдікте өзін-өзі жағып жіберді
Фото: Видеодан алынған кадр
212
Маңғыстаулық жігіт әкімдік алдында өзін өртеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ол өңір басшысының жеке қабылдауына кіргізуді сұраған.
Әкімдік қызметкерлері оған тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізіліп жатпағанын, бекітілген графикке сәйкес жазылып келуін өтінген.
"Оған қанағаттанбаған азамат үстіне жанғыш қоспаны құйып, өзін өртеп жіберді. Полиция мен әкімдік қызметкерлерінің күшімен өрт жедел сөндірілді. Жедел-жәрдем шақырылып, ол келгенше зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.