Болгария астанасы Софияда өткен Странджа кубогі аяқталды. Қазақстан бұл жарыста тек екі жүлде еншіле...
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы құрбан айт мерекесімен құттықтады
1039
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фейсбук парақшасында құрбан айт мерекесімен құттықтады. Онда:
Қадірлі достарым, баршамызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл - Исламның бейбітшілік, татулық пен мейірімділік діні екенін айқындайтын, бүкіл әлем атап өтетін жарқын мейрам.Осы күні жүректен шыққан тілектер жүрекке жететіні сөзсіз. Еліміздің мерейі үстем болып, халқымыздың бірлігі нығайсын!
Әр шаңыраққа ырыс, береке, бақыт тілеймін. Исламның парызын ұстанып, құрбан шалған ағайын, ниеттеріңіз қабыл болсын!
Ұлық мереке - қасиетті Құрбан айт құтты болсын, достарым! - делінген...