Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті

Фото: massaget.kz

Жаңалықтар
407

Абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

 

Мекемтас Мырзахметұлы 1930 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылында дүниеге келген. 95 жасына қараған шағында көз жұмды. 

Ғалым Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) филология факультетін (1953 жылы), оның аспирантурасын (1964) бітірген. 

Мекемтас Мырзахметұлының зерттеу еңбектерінде абайтану мен мұхтартану, бауыржантану, иасауитанудың, Абайдың ақындық зертханасының жайы, ақын мұрасының рухани нәр алған қайнар көздері, Абай мұрасының шығыспен байланысы терең зерттеле бастады. Абай мұрасындағы мораль философиясының негіздері оның исламға, адамгершілік мұраттарына қатысты зерттеліп ашылды. 
Абай шығармаларын жаңа қырынан талдап, ондағы айтылмай келген шығыстық мәселелер мен танылмай келген ойларды, шығыстық термин сөздерді бүгінгі күн талабы тұрғысынан жаңаша қорытып, ғылыми айналымға түсірді. Сондай-ақ қазақ әдебиетінің түрлі салаларынан мамандар даярлап, отыздан астам кандидат диссертация қорғатты. Абайтанудың библиография көрсеткіштерін құрастырып (1965, 1988, 1995) алғы сөздерін жазды. 

Жаңалықтар

Бокстан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев елге оралды, деп хабарлайды maden...

Жаңалықтар

Шри-Ланкада екі турист қайтыс болды, олар жергілікті жатақханада өз бөлмелерінде уланған, деп хабарл...