Ер адам бөтелкелесін сан соқтырды

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
613

Алматыда 53 жастағы қала тұрғыны алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ІІМ-нің мәліметінше, ер адам дәмханада ішімдік ішу кезінде ақшасын ұрлатып алған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталған 62 жастағы азамат болып шықты.

"Полицейлер оқиға болардан алдын өтініш беруші бұл ер адаммен танысып, бірге алкогольдік ішімдік ішкенін анықтады. Алайда көп ұзамай жаңа танысы қолайлы сәтті пайдаланып, жәбірленушінің күртешесінің қалтасынан қолма-қол ақшаны жасырын ұрлап алған, осылайша материалдық шығын келтірген”, - делінген хабарламада.

Ұсталған ер адам қылмысын мойындады.

Жаңалықтар

Науқасқа оның 1993 жылы дүниеге келген қайын інісі донор болған, деп хабарлайды madeniportal.kz...

Жаңалықтар

Алматы облысы, Қаскелең қаласының Қарасай аудандық сотында бүгін Қаңтар оқиғасына қатысты, Қошмамбет...