Данияр Елеусіновтің қарсыласы анықталды

Жаңалықтар
1447

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (6-0, 3 КО) қарсыласы анықталды. Бұл туралы Вконтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіби бокс» парақшасына жарияланды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің 25 мамырға жоспарланған жекпе-жегіндегі қарсыласы 27 жастағы чили спортшысы Луис Норамбуэна (3-1-1) болды. Қазақстандық спортшының кәсіби бокстағы істерімен айналысатын америкалық компанияның басшысы Зия Алиевтің айтуынша, Мэриленд штатының Атлетикалық комиссиясы қазақстандық пен мексикалық Мигель Замудио арасындағы жекпе-жекке келісім бермей қойған. Алайда чили боксшысымен рингке шығуға рұқсат еткен.

Жаңалықтар

Турин қаласында өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын...

Шоу-бизнес

Танымал тележүргізушілер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек өздері туралы ел білмейтін жайтты ақ...