Атырауда есірткі таратумен айналысқан екі күдікті ұсталды

Сурет: www.gov.kz/

Жаңалықтар
585

Есірткі заттарын таратқан 38 жастағы ер адам мен 28 жастағы әйел қолға түсті, деп хабарлады madeniportal.kz.

"Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кинология орталығы қызметкерлерімен бірлесіп «Қарасора»жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын таратқан 38 жастағы ер адамды және 28 жастағы әйелді ұстады. Жеке тінту кезінде зип-пакетке салынған синтетикалық есірткінің 81 орамы тәркіленді. Сондай-ақ, жалға алынған пәтерлері мен қала көшелерінен күдіктілер жасырған 100 граммға жуық синтетикалық есірткілер анықталып, тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қылмыстық іс-тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар

Әскерде сержант сарбаздарды темекінің тұқылын жеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды madeniportal.kz. Ме...

Жаңалықтар

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтуде. Жиынға елдің 11 ірі кәсі...