Бүгін Астана әуежайы рейстердің ұшу кестесінде өзгеріс болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды...
Арыстанбек Мұхамедиұлының Халықаралық театр күнімен құттықтауы
1834
Құрметті әріптестер! Сіздерді Халықаралық театр күнімен құттықтаймын!
Сіздердің дарындарыңыз бен таланттарыңыздың арқасында театр сахналарында мазмұны бай, мағынасы терең туындылар қойылып, өнерлеріңізге тәнті көрермен саны артып келеді.
Көрермен көңілін нұрға, жүректерін жырға бөлеп, халқымыздың ұлттық құндылықтарын ұлықтап, өнер сүйгіш ұрпағымызды тәрбиелеу жолындағы игілікті еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік, шығармашылық табыстар тілеймін. Ұлтымыздың саф өнерін жандандырып, биік белестерден көріне беріңіздер!
Мереке құтты болсын!