Алматыда Медеу маңында балтамен төбелескен адамдар ұсталды (видео)

Бейнежазбадан

Жаңалықтар
752

Желіде Алматыда "Медеу" мұз айдынының маңында болған төбелестің видеосы тарады. Қалалық полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz nur.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Текетірестің видеосы Instagram желісіндегі 100baksoff__videos парақшасында пайда болды. Ал бейнежазба кадрларынан екі ер адамды анық байқауға болады. Олардың бірі жерде отырса, екіншісін бірнеше адам ұстап тұрған.

Бір сәтте жерде отырған азамат құлайды, ал жан-жағындағылар жедел жәрдем шақыра бастайды. Видеода тұрып тұрған азаматтың қолында ұзын таяққа ұқсас зат бар екені де анық көрінеді. Аталған жайтқа қатысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді. Алдын ала мәліметтер бойынша, төбелескен азаматтар бір-бірімен таныс болып шықты.

"Балтаны қолдану арқылы бұзақылық жасау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысқан екі азамат та ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды", - деп жазылған хабарламада. 

 

Жаңалықтар

Әйел 6 жастағы ұлын аш қалдырып, өзі клубқа кетіп қалған деп хабарлайды madeniportal.kz. Ресейден к...

Жаңалықтар

Өзбекстанда 135 магнит моншақты жұтып қойған 2 жасар сәби аман қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz...