Алматы облысындағы аудан әкімін қызметінен босату ұсынылды

Фото: gov.kz

Жаңалықтар
418

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкіміне қатысты тәртіптік іс қаралып, оны атқаратын лауазымынан босату түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Әдеп жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңбұзушылықтарды талдау нәтижелері талқыланды.

Жыл басынан бері 497 тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша 6 935 заңбұзушылық анықталды. Талдау нәтижелері, мемлекеттік органдар лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу, мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстық рәсімдер жүргізу және тағы басқа кезінде заңбұзушылықтарға жол берілетінін көрсетті, – делінген Агенттік хабарламасында. 

Жаңалықтар

Алматы облысы, Қаскелең қаласының Қарасай аудандық сотында бүгін Қаңтар оқиғасына қатысты, Қошмамбет...

Жаңалықтар

Синоптиктер осы жылы су тасқыны болу ықтималдығын болжады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қазгидро...