Әкесі мен балалары кафе мен дүкендерге есек етін сатып келген

Фото: freepik

Жаңалықтар
1263

Өзбекстанда есек сойып, етін сатқан топ анықталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ташкент облысының Аққорған ауданында өзенге тасталған көп сүйек полицияның күдігіне ілінеді. Тергеу барысында арнайы цехтың жұмыс істегені анықталды. Ол жерде ешқандай санитарлық талаптар сақталмаған.

Полиция қасапшылардың фермада тағы 25 тірі есекті союға ұстап отырғанын анықтады. Күдікті ретінде ауданның 59 жастағы тұрғыны мен оның екі ұлы қамауға алынды.

Қазір полиция сойылған есектердің еті қайда сатылғанын анықтауға кірісті. Ең сорақысы, есек еті облыс орталығы Ташкенттегі кафелер мен ет өнімдерін сататын дүкендерге өтіп кетуі мүмкін.

Жаңалықтар

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтуде. Жиынға елдің 11 ірі кәсі...

Жаңалықтар

Бокстан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев елге оралды, деп хабарлайды maden...