Аида Балаева: «Кибербуллинг заң жүзінде тоқтатылуы қажет»

Жаңалықтар
1535

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева XVII Еуразиялық медиа форумда кибербуллингге қарсы күрес туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

«Интернеттің белсенді дамуымен бірге әлем кибербуллинг проблемасына да тап болды. Кез келген қудалау сияқты, кибербуллинг те – заң жүзінде тоқтатылуы қажет агрессияның бір түрі. Әрине, министрлік бұл бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр. Біз әлеуметтік желілердің ішкі ережелерін құрметтейміз. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін заңға қайшы контент ашық қолжетімдікте болмауы тиіс деп санаймыз. БҰҰ қарарымен қабылданған адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының кіріспесі дәл осы құндылықтардан басталады», - деді министр форумның «Пандемия әлемді қалай өзгертті және жаһандық өмір сүрудің жаңа бағыттарын қалай анықтады?» сессиясында. 

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда XVII Еуразиялық медиа форумның жұмысы ресми түрде ашылды. Форум 17 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі пандемияның қоғамға қалай ықпал еткенін айтқан еді.

author

Аида Балаева

ҚАЙРАТКЕР

Жаңалықтар

Науқасқа оның 1993 жылы дүниеге келген қайын інісі донор болған, деп хабарлайды madeniportal.kz...

Жаңалықтар

Алматы облысы, Қаскелең қаласының Қарасай аудандық сотында бүгін Қаңтар оқиғасына қатысты, Қошмамбет...