1 маусым күні Астанада бұқаралық велошеру өтеді

Астана әкімдігі

Жаңалықтар
765

Астана қаласында 1 маусым күні есірткіге қарсы күрес және балаларды қорғау күніне орай бұқаралық велошеру өтеді, деп хабарлайды madeniportal.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 шақырым қашықтықта «Жасыл белдеуде», яғни «Үркер» (Ильинка) тұрғын алабының саябағында мәреге жетеді.

Велошеруге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 07:00-ден 08:00-ге дейін жалғасады. Басталуы: сағат 08:00. Тіркелу тегін.

Шара аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Веложарысқа әр қатысушы өз велосипедімен жіберіледі. Алайда шлемнің болуы міндеттеледі.

Мерекелік велошеруге қатысуға елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары шақырылады, делінген хабарламада.

Қоғам

Ол 3 ай ішінде 60 мың доллар жинап үлгерген, деп хабарлады  madeniportal.kz inbusiness.kz сайты...

Шоу-бизнес

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі парақшасында әнші Димаш Құдайберген туралы әсерлі жазба жариял...