
Ахмет Шәмиев
ӘНШІ2-дүниежүзілік соғыс жылдары оның есімі одақтас республикалар халықтарының әндерін орындаушы ретінде де белгілі болды.
ТолығырақАхмет Шәмиев (11.7.1908 жыл, қазіргі Алматы облысы Жаркент қаласы — 14.6.1983 жыл, Алматы) — актер, әнші, Қазақ КСР-інің халық артисі (1970). Шәмиев сахналық өнер жолын 1925 жылы Жаркент қаласындағы драма үйірмесінен бастады. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1935 — 1983 жылы Ұйғыр музыкалық драма театрының (қазіргі Ұйғыр муз. комедия театры) құрамында актер болып, әр түрлі рөлдерде ойнады.
Рольдері: Шәмиевтің алғашқы ойнаған рөлі — Ж.Асимов пен А.Садыровтың “Анархан” атты муз. драмасындағы Мұхпула.Бұдан кейін ол ұйғыр және шет ел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерге қатысып, сан алуан сахналық бейнелерді шынайы да тартымды ойнауымен көрермендер құрметіне бөленді.
Қазақ драматургиясы бойынша да қойылған спектакльдерге қатысып, Қодардың (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”), т.б. рөлдерін орындады.
Шығарған әндері: 2-дүниежүзілік соғыс жылдары оның есімі одақтас республикалар халықтарының әндерін орындаушы ретінде де белгілі болды. Ол өз жанынан “Қазақстан”, “Отан”, “Колхоз”, “Гудок”, “Махаббатым”, т.б. әндер шығарды.
Кинодағы рольдері:
1957 жылдан киноға түскен:
Нұрмағамбет (“Шоқан Уәлиханов”)
Әзім (“Біз Жетісуданбыз”, 1958)
Серкебай (“Егер де біздің әрқайсымыз”, 1961)
Ахметжан (“Жылан жылы”, 1981), т.б.
Алматы қаласында ол тұрған үйге (Тимирязев көш., 113-үй) мемориалдық тақта орнатылған.
Марапаттары: “Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Жасыру