Өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысы әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде...
Астанада ҰБТ өткізу мерзімі кейінге шегерілді
398
Астанада кейбір талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру мерзімі кейінге шегерілді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ұлттық тестілеу орталығы Астанада 2, 3 және 4 шілдеге белгіленген ҰБТ өткізу мерзімінің кейінге шегерілетінін хабарлады (Т.Жүргенов көшесі, 18/2 және Қайым Мұхамедханов көшесі, 37А мекенжайы бойынша).
«Техникалық жұмыстарға байланысты 2, 3 және 4 шілдеге жоспарланған ҰБТ келесі мерзімге ауыстырылады: 2 шілдеге жоспарланған тестілеу енді 8 шілдеде, 3 шілдеге жоспарланған - 9 шілдеде, ал 4 шілдедегісі 10 шілде күні өтеді», - делінген хабарламада.
Жаңа тестілеу күндері туралы ақпарат тест тапсырушының жеке кабинетінде қолжетімді болатыны хабарланды.