Биыл бірыңғай ұлттық тестілеу бес рет өткізіледі. Оған 10 мыңнан астам түлек қатысады. Бұл т...
Қатты соққыдан Mitsubishi жол ортасында аударылып қалды
Фотосурет kaz.zakon.kz сайтынан алынды
23 маусымда сағат 14:10 шамасында Семейде Тарбағатай – Әуезов көшелерінің қиылысында жол апаты болып, үш адам зардап шекті, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.zakon.kz сілтеме жасап.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Mitsubishi Pajero көлігін тізгіндеген 57 жастағы жүргізуші жолдар қиылысында көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Toyota Әуезов көшесімен тік бағытта келе жатқан. Қатты соққыдан Mitsubishi жол ортасында аударылып қалды.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады. Абай облысының полиция департаменті әрбір жүргізушіге жолдарда мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді", – деп жазылған Абай облысы ПД баспасөз қызметінің жазбасында.