73 жастағы зейнеткер неден сезіктенді?

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
707
Шымкенттік "CyberPol" қызметкерлеріне 73 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Айтуынша, оған белгісіз біреулер қоңырау шалып, өздерін құқық қорғаушылар ретінде таныстырып, банк шотындағы күдікті операциялар туралы хабарлаған, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.zakon.kz сілтеме жасап.

Ал тексеру жүргізу үшін ер адам телефонына белгілі қосымшаны орнатып, SMS-кодты хабарлауы тиіс екенін айтқан.

Қоңырау шалушылардан сезіктенген зейнеткер тәртіп сақшыларына жүгінуді шешкен. Полицейлер бұл алаяқтардың бөтеннің ақшасын онлайн жолмен жымқыру түрі екенін жеткізіп, бірден банкке хабарласып, шот бойынша барлық операцияларды бұғаттады.

"Киберполицейлерге үлкен ризашылығымды білдіргім келеді. Олар жедел және үйлесімді жұмысының арқасында менің үлкен сомадағы қаражатымды сақтап калды. Бұл ақшаны балаларыма көмектесу үшін өмір бойы жинаған едім. Міне, дәл осылай жұмыс істеу керек! Сенім артуға болатын қызметкерлер", – деп алғыс білдірді қала тұрғыны.

Жаңалықтар

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткі...

Жаңалықтар

Анасы үй тапсырмасын орындамағаны үшін 11 жасар қызына пышақпен шабуылдап, жарақатпен ауруханаға түс...