Бұл – республика бойынша бірегей, ал Павлодар облысында алғаш ұйымдастырылған «SHEKSIZ&r...
20 шаршы метр болатын сыртқы қабырға құлады
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Облыс орталығындағы Қамзин көшесінің бойында орналасқан монша кещенінің бу қазандығында жарылыс болды. Салдарынан сыртқы қабырға құлап, жақын маңда тұрған жеңіл көліктерге зақым келді, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі inbusiness.kz сілтеме жасап.
Павлодар облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кеше сағат 19.39-да Қамзин көшесі, 132 мекенжайындағы монша-кір жуу кешенінің аумағындағы қазандықтың бір қабатты ғимаратында гау-ауа қоспасының жарылысы болды.
"Соның салдарынан жалпы аумағы 20 шаршы метр болатын сыртқы қабырға құлады. Сонымен қатар, жақын маңда тұрған жеңіл автокөліктер зақымданды. Зардап шеккендер жоқ", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 9 қызметкері, 4 құтқарушы жұмыс істеді. Апаттар медицинасы орталығы және полиция өкілдері де төтенше жағдай орын алған аумақтан табылды.
Алдын ала болжам бойынша, шектен тыс қысымның салдарынан бу қазандығы ашылып, газ-ауа қоспасы жарылған. Бұл қазандық газ отыны арқылы жұмыс істейді.