"Бүйрегін езіп, бас сүйегін сындырып жіберген": Жазым болды деген сарбаздың өлімі жазатайым болмай шықты

Фото: Ашық дерек көздерінен

Жаңалықтар
383

Екі жыл бұрын қаза тапқан мерзімді сарбаз Алмас Шахимовтың туыстары эксгумация жасатып алты ай күткеннен соң, сараптама нәтижесімен бөлісті, деп жазады Мәдениет порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың күдіктері расталып, сараптама нәтижесінде сарбаздың денесінен пышақ жарақаты мен түрлі аяусыз соққылардың ізі анықталды.

Алматы қаласында әскери борышын өтеуге кеткен Алмас Шахимовтың отбасына екі айдан соң қаралы хабар келген. Ол кезде өлімнің ресми себебін жазатайым оқиға деп берген.

Сарбаз оқу жаттығу кезінде өзгелерге қауіпсіз жерге баруға көмектесіп, өзі қатты дауылдың әсерінен құлаған метал жабдықтың астында қалып, мерт болды делінген.

“Алғашында бізде көптеген айғақ дәлелдер болғандықтан эксгумация жасатуға қарсы болдық. Алайда әскерилер кейін барлық айғақтарды, ұлымның әскери киімдерін, полигондағы бейнежазбалардың бәрін жойды” , – деді Алмастың анасы.

Деректерге сүйенсек осынша уақыт өткеннен соң марқұмның туыстарының күдіктері расталған.

“Мәйіт сараптамасынан оң жағынан үш пышақ жарақаты, қылқындырған іздер, 26 дене жарақаты анықталған. Оның бүйрегін езіп, бас сүйегін сындырып, темекіні арқасына басып, сөндірген”, – деп қосты анасы.

Одан бөлек, анасының айтуынша, Алмас бағынышты болған офицер әскерге қабылдана сала жігіттің атына несие алғызған.

“Алмасты әскерге көзіне ота жасалған соң бірден алып кетті. Олар дәрігерлердің отадан соң жарты жыл физикалық күш салуға болмайды деген тыйымына қарамады. 27 мамыр оны алып кетті. Мамырдың 28-і күні ұлым Алматыға жетті. 29-да әскери бөліміне жетіп, 30-да оның атына несие рәсімделген”, – деді анасы.

Алмастың отбасы екі жылдан бері әділдік үшін күрескен. Тіпті оларға әскерилердің өзі материалдық өтемақы төлейтінін, ақша, пәтер мен кіші қыздарын оқуға түсіруді ұсынған.

Ұлттық гвардия тіпті сарбазға ерлігі үшін марапат та берген. Алайда жақындары бұл марапаттан бас тартқан. Себебі олар Алмастың шаңды дауылдан өзгелерді құтқарып емес, біреудің қолынан мерт болғанына сенімді.

Жаңалықтар

Орталық референдум комиссиясы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша учаскелерге келіп, дауыс берген қазақс...

Жаңалықтар

Мәжілістің бұрынғы депутаты, кейін оппозициялық саясаткер болған Төлен Тоқтасынов қайтыс болды, деп...