Тоқаев: Әрбір жеткіншектің ертеңгі күнге сеніммен қарауы өте маңызды

Фото интернеттен

Жаңалықтар
695

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі барша жеткіншектерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

"Құрметті отандастар!


Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Жарқын жаз өскелең ұрпаққа қамқорлықтың символына айналған осы мерекеден басталады.

Ұл-қыздарымыздың парасатты және жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау әрдайым мемлекеттің басты басымдығы саналады. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан еліміздегі әрбір жеткіншектің мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, үлкеннің қолдауын сезінуі, ертеңгі күнге сеніммен қарауы өте маңызды.

Мен жас ұрпақ Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаттарын нақты жүзеге асырып, «Адал азамат» тұжырымдамасының озық идеалдарына толық сай болады деп сенемін. Ол үшін біз бүкіл қоғам болып жалпыұлттық құндылықтарымызды ұрпақтың бойына сіңіруіміз және оларды еңбекқорлық пен білімпаздыққа баулуымыз керек. Сондай-ақ төл тарихымыз бен мәдениетімізді құрметтеуге үйретуіміз қажет.

Барлық бала ата-анасы мен жақындарын оқудағы, шығармашылық саладағы және спорттағы жетістіктерімен, жақсылық пен жасампаздыққа ұмтылысымен қуанта берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін!" деді Мемлекет басшысы өзінің құттықтауында. 

ТЕАТР

XVIII ғасырдағы итальяндық скрипка өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі, қырыққа жуық операның авторы,...

Жаңалықтар

Адвокат Ләззат Рақышеваға келген хаттың бірінде келіншек сырын жазған, деп хабарлайды madeniportal.k...