Жетісу облысында егістік жерлерде қардың жылдам еруінен Алакөл ауданы Бескөл стансасында 10-ға жуық...
Құлсарыда су сору жұмыстары кезінде 23 жастағы құтқарушы қаза тапты
Фото интернеттен
29 мамырда Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Атырау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлы қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Ол Жылыой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында бақилық болған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Рақым Бейбарыс 2001 жылы Атырау қаласында туған. Азаматтық қорғау органдарында 2021 жылдан бастап қызмет екен. Осы қысқа уақыт ішінде бірнеше ірі, күрделі өрттерге қатысып, адам өмірін, мүлкін құтқаруда, қорғауда бар күш-жігерін салып, халық алғысына да бөленген.
Бейбарыстың артында ата-анасы, бауырлары мен жары қалды.