1 наурыздан бастап Қазақстанның сегіз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі,...
Қазақстанда көлікті техникалық тексерудің бірыңғай операторы өзгерді
Фото интернеттен
377
Елімізде механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің жаңа операторы бекітілді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Көлік министрлігі "ҚазАвтоЖолды" бірыңғай техникалық байқау операторы етіп бекітті.
"Көлік министрінің бұйрығына сәйкес "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ техникалық байқау ақпараттық жүйесінің бірыңғай операторы болып бекітілді. Бүгінгі таңда "ҰАТ" АҚ-дан өкілеттіктерді беру бөлігіндегі іс-шараларды қамтитын Жол картасы әзірленді. Процесс жүріп жатыр", – дейді министрліктің баспасөз қызметі.