Қазақстанның үш облысында тұқым қоймаларын су басты

Фото: ҚР Орталық коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар
643

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабарлады.

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің деректеріне сәйкес, биылғы су тасқыны салдарынан облыста жалпы көлемі 4 мың гектарға жуық күздік егіс алқаптарын, сондай-ақ Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округінде 1 гектар жылыжай кешенін су басты», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство мәліметіне қарағанда, өңір әкімдіктері Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 170 тоннаға жуық (Ақтөбе облысы – 80 тонна, Қостанай облысы – 40 тонна, Солтүстік Қазақстан облысы – 50 тонна) тұқым су астында қалғанын хабарлады.

«Жалпы алғанда, облыс әкімдіктерінің жедел мәліметтері бойынша егін алқаптарын су басу қаупінің басқа деректері тіркелген жоқ. Егін егу науқаны басталған кезде ылғалдылығы тым жоғары алқаптар болса, онда тыңайған алқаптарға дән себу арқылы егіс алқабы кеңейтіледі», - делінген жауапта.

Аймақтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы KIA автомобильдерін шығаратын зауыттың құр...

Көңіл айту

Актер Сейтімбет Үсіпхан Әбдікерімұлы қайтыс болды, деп хабарлады madeniportal.kz. Үсіпхан Әбдікерім...