Астана қаласында 1 маусым күні есірткіге қарсы күрес және балаларды қорғау күніне орай бұқаралық вел...
10 жыл бойы әйелін ұрып келген дипломат 7 жыл арқалауы мүмкін
Фото интернеттен
1601
Әйелін жылдар бойы ұрып келген Сәкен Мамаш 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты. Материалдар сараптамаға жіберілген.
Еске салсақ, мамыр айының басында дипломаттың әйелі Карина Мамаш 10 жыл бойы күйеуінен зорлық-зомбылық көріп келе жатқанын мәлімдеп, көмек сұраған еді.
Артынша Сәкен Мамаш шұғыл елге қайтарылып, қызметінен босатылды. Ол Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі болған. Құқық қорғау органдары оған қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қазір әйел балаларымен бірге Астанадағы дағдарыс орталығына орналастырылған.