Журналистер "Форте банкті" "ақтаған" "әріптестерінің" "ит терісін басына қаптады"

Фото: Жас Алаш коллаж

Жаңалықтар
1040
Өткенде "Форта банктің" "қазақ тілі қажет емес" деген "мәлімдемесі" көпке тарап кетіп, қоғамның қызу талқысына түскен болатын. Қоғам арасында қатты сынға ұшырап, "абыройына" үлкен нұқсан келген-ді. Артынша олар жалдамалы блогерлерге банкті мақтатып пост жазып, халықтың ашуын тіптен қоздырып алды. Сол дүрбелеңде "ақшаға арын сатты" "ана тілін сатты" деген күдікке ілінген кейбір журналистерді басқа әріптестері де оңдырмай сынап жатыр. 
Белгілі журналист Асылхан Мамашұлы өзінің әлеуметтік желісінде былай деп жазды (автордың барлық грамматикалық-орфографикалық тәсілдері өзгеріссіз берілді) : 
 

Шорте банк сияқтылардан кредит алып, бір апта төлемей қойсаң не істейді?
Әкеңді танытады.

Шорте банк сияқтыларға жағдай айтып, фбға жаппай пост жазғызсаң да постыңа түкіріп қойып әкеңді таныта береді. Төлегің келмей өле салсаң балаңа төлеттіреді. Өйткені заң солай, заңды бұзған сен.
Ал енді Шорте банк сияқтылар өзі заң бұзса не істейді?
Ақысын төлесең боқысын шығаратын, ақша үшін бірдеңесін беруге дайын фбдағы бір топ кәсіпқой бұралқы итке сүйек тастайды.
Сосын олар сүйекті кеміріп отырып, ақпарат манипуляциясымен айналысады. Өйтіп қапты, бүйтіп қапты, осымен қоя салайық деп жуып-шаюға кіріседі.
Шорте банктің миллиардер акционері мұртынан күліп отыра береді.
Шорте банк мемлекеттік тіл туралы заңды бұзғаны және әлеуметтік араздық туғызғаны үшін заң алдында жауап беруге тиіс. Әншейінде қырағы полиция мұны неге көрмейді?
Шындап келгенде фбдағы бір топ бұралқы итке Шорте банк пе, Қорте банк пе, бәрібір.
Тым болмаса мемлекеттік тіл мәселесінде сүйек жұтпайыншы демейді.
Әр сайлау сайын да бірінен бірі аумайтын жаппай пікір ұйымдастырады. Ақпаратты көпе-көрінеу бұрмалаумен шұғылданады. Оны көріп отырмыз.
Не істейсің ал деп көзіңді бақырайтып жаза береді.
Парақшамды коммерциялық мақсатта пайдаланамын десе әркімнің өз еркі. Бірақ ол манипуляция болмауы керек.

Манипуляциямен айналысқанын түсінбей, біз бұралқы ит емеспіз дейтін шығар. Ондай болса посттарының астына Шорте банк немесе Қорте банк ақша төледі деп ескерте салсын, болды сонымен түсінікті.

Осы постты қолдап жазған журналист, әдебиетші Тұрсынбек Башардың да пікірін беріп отырмыз: 
 

Форте банктың дауы кезінде де "жиырма мың теңгелік" жазармандардың белсенділігі қатты білінді. Солардың біразы менің достығымда да бар. Оқып отырған шығар.

Жалпы бұл алғаш болып отырған жағдай емес. Естеріңізде болса, былтыр «ҚазМұнайГазға» қатысты мұнайшылар талабы кезінде де компанияны ақтаушылар табыла кеткен. Бір қызығы, ақтайтындар кешегі банкті жақтап жатқан журналистер қауымы, қашан да тізім өзгермейді.
"Бұл барып тұрған ұят нәрсе, ондайға жол беруге болмайды. Олардың айылын тартпайтыны, ештеңеден ұялмайтыны сонша, кеше ғана ForteBank-ты ақтап, бүгін Бишімбаевтың сотын жазып отыр. Бәрі бір-бірінің аузына түкіріп қойған сияқты, жазбалары ұқсас. Әр нәрсенің де шегі бар, бұлар шектен асып кетті», – дейді Асылхан Мамашұлы
Ал, SDU Университеті журналистика мектебінің аға оқытушысы Елнұр Әлімованың айтуынша, Батыс елдерінде болса, бұл блогер мен журналистер жұмыссыз қалу былай тұрсын, бұл салада мүлде қалмас еді. Себебі ақылы пост жазу кез келген медианың стандарттарына қайшы.

Жаңалықтар

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылдың 8, 9 және 10 қазанына арналған ауа райы болжамын жариялад...

Жаңалықтар

Қостанай облысы Рудный қаласында құтқарушылар тереңдігі бес метрлік бункерді тазалауға түсіп, қайта...