Ата Заң бойынша Қазақстанда қазақ тілі ғана мемлекеттік тіл. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомар...
Павлодарда кеме капитаны суға батып кетті
Фото: Константин Шелков
2480
Павлодар облысы Аққулы ауданында кеме капитаны суға батып кетті. Оны іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап madeniportal.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 мамырда 23:25-те 102-ден Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар келіп түскен.
9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте жұмыс нәтиже бермеді. Іздестіру жұмыстарын су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр.
Бүгін сүңгуірлер іздеу-құтқару жұмыстарын қайта жалғастыратын болады.