Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жазғы демалыс кезінде балаларға тегін әуе сапары...
Полиция майоры суицид жасап, бастығын кінәлап хат қалдырған
Сурет: otyrar.kz
Түркістан облысында полиция майоры өзіне қол салып, ажал құшты. Ал, марқұмның мәйітінің жанынан өлер алдындағы қоштасу хаты табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ол жерде тәртіп сақшысы өліміне бастығын кінәлаған. Содан бері ес жия алмай жүрген Жүзеевтер отбасы арада екі ай өтсе де тергеудің мардымсыз жүріп жатқанын айтады. Және қысымнан қайтыс болды деген ұлдарының ажалына себеп болғандардың қатаң түрде жазалануын талап етіп отыр.
Марқұм Ратбек Жүзеев биыл 12 наурыз күні өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды.
Аудандық полиция бөлімінде майор шенінде қызмет еткен ұлының басшылықтан қысым көргенін айтқан әке, баласының қазасынан бір күн алдын бөлім бастығы өзін шақырғанын айтады.
"11 күні кешкі 17:00-де полиция бастығы Қуашбаев Ғалымжан маған звондады. «Сіз Ратбектің папасысыз ба?» деп, «Иә» дедім. «Сіз келіп кетіңіз маған, Ратбектің артынан қылмыс қозғалайын деп жатыр» деді. 240 мың ақша мылтыққа қарыз екен деп. 240 мың қарыз болса, мен-ақ бере салайын" дедім. Ол маған баламды әкелуді сұрады", - деді.
Әзіретәлі Жүзеев ұлына хабарласып мән жайды сұраған. Марқұм Ратбек бастығының өзінен «орнын босатуды талап еткенін, келіспеген соң, өзі жоқ кезде қызметін ауыстырып жібергенін» жеткізіпті.
«Әкесіне, нағашысына қару істеп бергенмін. Сол нәрсенің бәрін тегін істеп бергенмін. «Ішкендерің, лишениеге кеткендерге толтырған протоколдарды жоқ қылып, ақшасын маған әкеп бер» деді. Мен «ол тірлікті істей алмаймын» дедім. «Істемесең орныңды босат» деді. Істейтін, ақша алатын адам орныңа табылады. Сонымен мені қызметтен босатты», деп айтты ұлым»,- дейді марқұмның әкесі.
Марқұмның туыстары Рәтбек Жүзеевке қысым көрсетілгеніне сенімді. Марқұм қалдырған хатта ата-анасы мен балаларын жақсы көретінін айтып, өз өліміне кінәлі адамның аты-жөнін жазып кеткен.
«7 наурыз күні «мама, мен сізді жақсы көрем» деп жазған. Сол кезде қарындастарына да жазыпты, бірақ оны мейрамға жазған шығар деп ойладық. 12 наурыз күні «мама кешіріңізші» деп жазғаннан кейін, неге бұлай жазды деп өзіне звондадым. Алмаған соң, қызына звондадым. Ол «маған да сүйтіп жазды, местоположение» жіберді деді. Онысы несі, «өлсең осы жерден тауып аласыңдар» дегені шығар деп, іздеп, қызым мен күйеу балам тапты ғой»,- деді марқұмның анасы Күлжамаш Жүзеева.
33 жасында өмірден өткен марқұмның туыстары кінәлі адам табылып, өз жазасын алса екен дейді. Марқұм Ратбек Жүзеевтің артында 2 ұл және қызы қалды.