ҚР Мемлекет басшысы Нүрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарлама...
Елордада жаңа аудан пайда болуы мүмкін
Фотосурет: Ашық дереккөзден
Астанада алтыншы ауданды құру туралы бастаманы қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов сұхбатында айтты, – деп хабарлайды madeniportal.kz.
"Мемлекет басшысы Астана ел өмірінде ерекше орын алатынын бірнеше рет атап өтті. Қалаға тек экономика емес, сәулет, урбанистика тұрғысынан белгілі бір талаптар қойылады. Өздеріңіз білетіндей, Алматы ауданы – халқы ең көп аудандардың бірі. Алматы ауданында 6 тұрғын алап бар. Олар: Промышленный, Железнодорожный, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар, Юго-Восток. Ауданның аумағы 15 471 гектарды құрайды. Мұнда шамамен 400 мың адам тұрады. Тұрғын үй қоры 885 көпқабатты тұрғын үйді құрайды. №1 Индустриялық парк аумағында 51 кәсіпорын жұмыс істейді. Железнодорожный тұрғын алабында №2 Индустриялық парк салу жоспарланып отыр. Аудан әкімінің аппаратына жүктеме артты", – деді ол.
Қалалық мәслихат төрағасы осыған байланысты Астананың жаңа алтыншы ауданын құруға бастамашы болғанын түсіндірді.
"Бастама, ең алдымен, халықтың өсу динамикасы мен азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырып, аумақты тиімді басқаруға және дамытуға бағытталған. Жаңа әкімшілік бірлік өзінің инфрақұрылымын дамыту, жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті ресурстар мен құралдарды алады деген болжам бар. Мәселе қала жұртшылығымен алдын ала талқыланып, Астана әкімі мен Мемлекет басшысының қарауына шығарылады", – деді Ерлан Каналимов.