Әлеуметтік желіде Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділовтің заңды некеге отырған сәтінен видео тара...
Ақтөбеліктерге 352 млн. теңгеден астам біржолғы төлем берілді
gov.kz
538
Ақтөбеліктерге 352 млн. теңгеден астам біржолғы төлем берілді , деп хабарлайды madeniportal.kz, Ақтөбе облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшының тапсырмасы аясында Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты көмек беру шаралары жалғасуда.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған ақтөбелік отбасылардан біржолғы әлеуметтік төлемге 1424 құжат қабылданған. Бүгін жергілікті өкілетті органдардың шешімдері негізінде соның 1088 отбасына 352 742,4 мың теңгеге төлем жүргізілді.
Қалған 336 отбасына 121 629,2 мың теңгенің құжаттары қаралып жатыр, құжаттары тексерістен өткен соң, қаржысы аударылады.