Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, театр сыншысы, проф...
Ресей ТЖМ: Мұндай су тасқыны тарихта болған емес
Фото интернеттен
Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігі Орынбор аймағында болып жатқан су тасқыны бұрын-соңды болмаған табиғи апат екенін мәдлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
«Урал мен Поволжьеде биылғыдай су тасқыны бұған дейін болған емес», – деп атап өтті Ресей ТЖМ басшысының орынбасары Виктор Яцуценко.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, 8 сәуірде таңертең көктемгі қардың еруінен туындаған су тасқыны кезінде Ресейдің 39 аймағында 10 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан.
Орынбордағы жағдай нашарлауда, деп хабарлады мэр Сергей Салмин. Урал қаласында су деңгейі қауіпті межеге жақындап келеді. Қалада Төтенше жағдай режимі жарияланған.
Орынбор басшысы су басу аймағында жүргендердің барлығы дәл қазір кетіп, эвакуацияны кейінге қалдырмауы керек екенін айтты.