Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты м...
Су тасқыны: 7 мың адам, 5 мың бала эвакуацияланды
Фотосурет: видеодан кадр
457
Атырау облысындағы Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Оның ішінде 5 мыңға жуық бала бар, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Атырау облыстық жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.
Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам қауіпсіз орынға көшірілді. Эвакуацияланған адамдардың 5 мыңы – балалар. Тұрғындар Атырау қаласына, Жылыой ауданында орналасқан «Теңіз кен орнындағы вахталық қалашыққа және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына эвакуацияланды», - деп хабарлады облыстық штабтан.