Мемлекет басшысы Мәскеудегі қайғылы оқиғаға байланысты Владимир Путинге көңіл айтты

Жаңалықтар
548

Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік әрекетті қатаң айыптайды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды.

Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.

Мемлекет басшысы лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Жаңалықтар

Ақтауда сот әйелінің бастығының Mercedes-Benz G500 көлігін өртеп жіберген ер адамға қатысты істі қар...

Жаңалықтар

Ұлытаудағы түзеу мекемелерінің біріне көкөніс салынған сөмкелерге салынған 30-дан астам телефонды ал...