Жаңа Салық кодексіне қойылатын талап өте қатаң - Үкімет басшысы

Жаңалықтар
303

Олжас Бектенов салықтық және кедендік ақпараттық жүйелерді интеграциялауды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фотосурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында салықтық және кедендік әкімшілендіру және процестерді цифрландыру шараларын жетілдіру мәселелері қаралды. Премьер-министр Үкімет алдында салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру бағытында маңызды міндет тұрғанын, оған жетудің ең оңтайлы жолы – барлық процесті барынша цифрландыру екенін атап өтті.

«Бұған дейін ұсынылған тәсілдерге қатысты орынды сын айтылған болатын. Бизнес пен қоғам бұл құжаттан оң өзгерістер күтуде. Ең бастысы, ол ашық, бәріне түсінікті және үйлесімді болуы керек. Алайда Кодексті әзірлеу созылып барады. Бұл жұмысты жедел аяқтауды тапсырамын. Жаңа кодексте азаматтардың мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы мен әрекетсіздігіне, қосылған құн салығын қайтаруды кешіктіруге, мәмілелерді жарамсыз деп тануға және т. б. мәселелерге қатысты арыз-шағымдарын ескеру керек. Әкімшілендірудің сервистік моделіне назар аудару қажет», деді О.Бектенов.

Үкімет басшысы жаңа Салық кодексі әзірленіп жатқанына тоқталып, өткен жылы халықтан келіп түскен салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелеріне қатысты өтініш пен арыз-шағымдарын ескеру және әкімшілендірудің сервистік моделіне назар аудару қажет екенін атап өтті.

«Жаңа Салық кодексіне қойылатын талап өте қатаң. Бұған дейін ұсынылған тәсілдерге қатысты орынды сын айтылған болатын. Бизнес пен қоғам бұл құжаттан оң өзгерістер күтіп отыр. Ең бастысы, ол ашық, бәріне түсінікті және үйлесімді болуы керек. Алайда, Кодексті әзірлеу созылып барады. Сондықтан бұл жұмысты жедел аяқтау қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Айта кетейік биыл салық және кедендік ақпараттық жүйелерді интеграциялау аяқталады. 14 жүйенің орнына тек 5 жүйе жұмыс істейді.

Жаңалықтар

Марбург вирусы тудырған жаңа қауіпті инфекцияға байланысты Қазақстанды эпидемиологиялық жағдайды бақ...

Жаңалықтар

Алматыда 53 жастағы қала тұрғыны алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz. ІІМ-нің мәл...